Нағыз қазақ домбыра тартыбына ресми стильде эссе.

АлинаМалинка116 АлинаМалинка116    2   28.12.2020 15:06    0

Ответы
ГНМ ГНМ  27.01.2021 15:08

Объяснение:

Нағыз қазақ – домбыра»

Ұлы ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деген сөзінің зор мәні бар. Мұндай тұжырымның астарында қазақтың осынау киелі аспабын құрметтемеген, домбыра үніне елтімеген адамда қазақы қасиет жоқ деген ой жатыр. Мұндай жайтты өмірден көріп-біліп, ұшырастырып та жүрміз. Адамдардың бәрінің бірдей музыкалық қабілеті бола бермейді ғой. Ал қандай адам болсын музыканы сүйіп тыңдайды. Демек, музыка адамдардың рухани қорегі деуге болады. Ал өзге халықтар секілді қазақтар да өзінің ұлттық аспаптарын құрметтеп, ән-күйлерін тыңдап ләззат алады. Әсіресе, домбыраның үні естілгенде елеңдемейтін қазақ жоқ. Менің бала кезімде Қазақ радиосынан Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің орындауында Құрманғазының, Тәттімбеттің, Дәулеткерейдің, Динаның күйлері күн сайын, тіпті сағат сайын берілетін. Оларды қанша тыңдасаң да жалықпайсың. Жалығу былай тұрсын өн бойың балқып тыңдағың келе беретін. Күй орындалған кезде қарттар радио дауысын күшейтіп, «жастардың зердесіне сіңе берсін» дейтін. Өкінішке қарай радиодан, теледидардан, тіпті көптеген концерттерден де домбыра үнін ести алмайтын болдық. Ертеден кешке дейін қазіргі «жұлдыз» атанған әуесқой әншілердің әндерін тыңдауға мәжбүр боламыз. Мұның басты себебі қазіргі қазақ жастарының зердесіне бала кезінен бастап халқымыздың ұлттық саздарын сіңірмегендіктен десем, жаңсақ айтқандық болмас. Ал бала күнінен ұлт аспаптарының үнін, халқымыздың саздарын тыңдап өскен азаматтар өзінің ұлты­нан, ұлттық мәдениетінен, тілінен ажырауы да мүмкін емес екені педагогика, психология ғылымдарында нақты дәлелденген. Қазақ ежелден домбыраны киелі аспап санаған. Домбырамен асқақтата ән салып, күмбірлетіп күй төккен халықпыз ғой. Сондықтан домбыраға үкі тағып, аялап төріне іліп қою қазақтың дәстүріне айналған. Әсіресе, ауылдық жерлерде қай қазақтың үйіне барсаңыз төрінде домбыра ілулі тұрғанын көресің. Қазақтың ұлт-аспаптар оркестрінде ең негізі аспап домбыра, ал домбыраға өзге аспаптар қосылғанда ерекше ғажайып дауысқа айналады. Құрманғазы атындағы Мемлекеттік ұлт аспаптар оркестрінің концертін теледидардан, радиодан мұны айқын аңғаруға болады. Оркестрде қаптап отырған көптеген домбырашыларды көреміз. Мұнда баян, қобыз, сазсырнай ойнап отырғандар көп емес, бірлі-жарым ғана.

КЕРЕК ЖЕРИН ЖАЗЫП АЛ!)
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi