Нақтыла.Определите основную и косвенную информацию. «Алтынемел» — Алматы облысының Кербұлақ ауданында 1996
жылы ашылған ұлттық саябақ. Жер көлемі — 460 мың гектар.
Қорық Іле өзенінің солтүстігінде орналасқан. Ол құрып бара жатқан
жануарлар мен өсімдіктерді қорғау, молайту мақсатында
ұйымдастырылған.
«Алтынемел» саябағы археологиялық ескерткішке бай. Онда көне
суреттер таңбаланған тас, үлкен-үлкен үңгір көп.
Биік-биік ағаштар, өзен-көл, бұлақ та мол. «Алтынемел» ұлттық
қорығында 1800-ге жуық өсімдік, 56-дай жануардың түрі, сазан және
т. б. балықтар, құстар бар. Олардың көбі «Қазақстанның Қызыл
кітабына» енгізілген. Қорықтар — табиғаттың құнды байлығы.
Табиғатты қорғау — әр адамның парызы.
Саябақта 17 қорықшы бекеті мен 3 туристік бағыт жұмыс істейді.
Қорықтарға күзет қойылған.