на основе текста составьте диолог 6 бет , 5 - тапсырма . Мәтінді оқып , мәтін негізінде диалог құрып жазыңдар . XIX ғасырдың аяғында қазақ халқын саяси жағынан қайта түлету қажет екенін айқын түсінген қазақ зиялылары қалыптаса бастады . Қазақ зиялылары арасынан елжанды саясаткерлер шықты . Олар – көрнекті ғалымдар , жоғары білімді адамдар еді . ХХ ғасырдың алғашқы ширегін « саяси күрестер мен рухани қайта өрлеу кезеңі » деп айтуға әбден болады . Бұл кезде саяси күрес сахнасында өзінің өзінің ұлтын сүйген , экономика , құқық тарихы мен теориясын терең меңгерген қазақ оқымыстылары « Алаш » партиясын ұйымдастырды . « Алаш орда » үкіметін құрды . Алаш орда көсемдері : Әлихан Бөкейхан , Ахмет Байтұрсынұлы , Міржақып Дулатов , Әлімхан Ермеков , Халел Досмухамбетов және т.б. Алашорда үкіметінің 15 мүшесінің он төрті жоғары білімді еді . Кеңес үкіметінің құрамындағы басшылардың өзі мұндай деңгейге жеткен жоқ . Алаш көсемдері мен саясаткерлері гуманизм принциптерін ұстанды . Олар бүкіл қазақ халқының мүдделеріне қызмет етті . ХХ ғасырдың 30 - жылдарында саяси қырығын басталды . Кеңес өкіметі Алаш көсемдері мен өкілдерін түгел қырып , жойды . Олардың мұраларын қолдануға қатаң тыйым салды . Бұл – « адамзат тарихындағы ең ауыр әрі қасіретті репрессия кезеңі » деп аталды