N 1 тапсырма. Абай айтан бес асыл іске өз тараптарыңнан тагы не қосар едіңдер? Не үшін олай ойлайтындарыңды
«Менің ойымша ...
Себебі ...»
... деп ойлаймын» деген тіркестерді пайдалана отырып түсіндіріп жаз.

nikabagirovap0dq1g nikabagirovap0dq1g    3   08.12.2020 07:30    1

Ответы
оченьнужно228300 оченьнужно228300  07.01.2021 07:31

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ -

Бес дұшпаның, білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс, көнсеңіз.

Менің ойымша дәйім жатқа айтылатын осы «бес дұшпан» мен «бес асыл іс» идеясын оқушы өз бетінше түсіне ала ма? Сірә да, жоқ. Себебі, Абай тән мен жанның таласы және адамның өзін-өзі жетілдіруі деген екі күрделі мәселені көтерген.

Бес дұшпан – өзімшілдік (яки эгоист) мінездің, ал бес асыл іс – көпшіл (халықшыл) мінездің көрінісі. Екі мінез антипод: біріншісі – қатігез, екіншісі – бауырмал. Жан мен тәннің таласы, әлбетте, қоғамдық өмірде ғана емес, әр адамның жүрегі арқылы өтетін мәңгілік күрес. Фалсафа ілімінде мұны сана мен тұрмыстың билікке таласы дейміз.

Алдыңғы аталған бесеуді ойшыл «бес дұшпаның» деген. Неге? Себебі, ел бұзылуы, яғни әлеуметтік әділеттілік пен дәстүрлі өмір реттілігі бүлініп, қоғамның қилы өрнекке орануы – осы бесеудің ісі. Абайдың: «Ел бұзылса, табады шайтан өрнек» дейтіні сол («Қартайдық, қайғы ойладық...» өлеңі).

Түсініктемелейік. Талап пен еңбек – осы дүниеде жақсы ғұмыр кешу шарты. Бұл екеуінсіз жақсылық атаулы да (ұрпақ өсіру, абыройлы болу, ұзақ жасау және т.б.), ырыздық-нәсіпке кенелу де жоқ. Бірақ адамға фәни жарқылына алданбау, терең ойға келу шарт. Ортаңғы қазық болып қағылған асыл іс осы. «Терең ой» деген не, өзі? Абайда «терең ой» – Құдай бар, жан жоғалмайтынына сенім. Басқаша айтқанда, әр адам өз жүрегінің түбіне терең бойласын дегені.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi