Жаз мезгілі. Теңіздің жағасы. Асан екеуіміз балық аулауға келгенбіз. Далада орнаған тыныштық сені терең ойға батырып жібереді. Ғажайып көрініске Асан екеуіміз көзіміз тоймастан қараған күйі ұзақ отырып қалыппыз. Біраз уақыттан соң Асан үн қатты: Қарашы, әне үлкен олжаға тап болдық! Керемет емес пе?!