Мына сөйлемдердегі мақал-мәтелдер мен тұрақты сөз тіркестерін ажыратып, ондағы есімдіктердің түрлерін көрсетіңіз. Орыс тіліне аударыңыз.
1. Әркімнің қолы өз аузына жақын. 2. Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы. 3. Біреудің отына жылыну. 4. Ештен кеш жақсы. 5. Еш жерге сыймау. 6. Қайда барса да, Қорқыттың көрі. 7. Өз билігі өзінде. 8. Өз қолы өз аузына жету. 9. Өз обалы өзіне. 10. Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар. Өзгенікі (кісінікі) дегенде анау-мынау ісім бар. 11. Өзін-өзі ұстау.