Мына сұрақтарға жауап беріңдер? берем!?!?! 1.Қазақтардың киіз үйлері пішініне қарай неше түрлерге бөлінеді?

2.Киіз үйдің құрылысы қандай болған?

3.Көшпелілер киіз үй жабдықтауда қандай материалдар қолданған?

4.Көшелілердің тұрғын үйлері туралы шетелдік саяхатшылар мен зерттеушілер қандай деректер жазып қалдырған?​

ArinaBelman18 ArinaBelman18    2   02.12.2020 13:31    2

Ответы
AveMartells AveMartells  01.01.2021 13:33

1)Киіз үйлер қазақы және қалмқы де екіге бөлінеді. Қазақы үйлер дөңгелек, толық күмбезді болды. Ал, қалмақы үйлер төбесі шошақтау келеді. [4]

Орда – салтанатты, жоғарымәртебелі адамдар басын қосатын елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мұның да бірнеше түрі бар.

Алтын орда – 30 қанаттан (керегеден) тұратын хамәжіліс ордасы.

Алтын үзік – 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.

Ақ шаңқан – 18 қанаттан тұратын үй.

Ақ орда – 12 қанаттан тұратын үй.

Ақ ала орда – 8 қанатты дәулетті бай үйі.

Ақ үй – 6 қанатты дәулетті бай үйі.

Боз үй, қоңыр үй – 4-5 қанатты ооташалар үйі.

Қараша үй – кедей үйі.

Отау – жас жұбайлар үйі.

Жолым үй, абылайша, жаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үйлер.

Күрек, қос – ауылдас ас сақтайтын, далада малшылар тұратын немесе кедейлер үйлері.[5]

Ақтағыр - 2 қанатты, 2 үзікпен жабылатын шағын киіз үй.

Қара құрым үй - киізінің тозығы жеткен, ескі үй.

Ұрыңқай - уық тәрізді сидам ағаштардан басын түйістіріп тігілген киіз үй.

2)1. Киіз үй құрылысы.

2. Шаңырақ

3. Екі қақпалы есік

4. Есiк пен төр

5. Бақан, адалбақан

6. Өрнекті жалпақ тоқыма таспа

7. Киіз үйдің ішкі жасауы

8. Сандық

9. Керегең кең болсын, екi босағаң тең болсын!

10. Қазан.ошақ

11. Табалдырықты баспа!

12. Киiз үйге байланысты қарғыстар

3)Киіз үй тарихынан. Мал баққан көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын баспанасы киіз үй болған. Ол тез жығып, түйеге артып жүре беруге, шашпаң тігуге ыңғайлы, көшіп-қонуға лайықтап жасалған. Киіз үй біздің заманымыздың VII ғасырында кеңінен пайдаланылып, киіз басу белгілі бір еңбек кәсібіне айналған. Оған Алтай, Сібір, Қырым таулы-тастарындағы сурет таңбалар айғақ бола алады. Ұзақ жылғы тәжірибе негізінде халық киіз үйдің ұйтқып соққан желге жығылмайтынына, нөсерлеп құйған жаңбырды өткізбейтініне көзі жетіп, оны баспана етуді әдетке айналдырған.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi