Можно быстрый ответ . Я на уроке нужно . ))) Составьте сочинение на любые из трех тем на 100-110 слов на Казахском языке


Можно быстрый ответ . Я на уроке нужно . ))) Составьте сочинение на любые из трех тем на 100-110 сло

vlodimirfrolov vlodimirfrolov    3   22.12.2021 18:03    1

Ответы
djhvh235 djhvh235  22.12.2021 18:10

Электр энергиясын үнемдеу туралы аз айтылып жүрген жоқ. Дегенмен кейбіреулер оған мән бермейді. Себебі "ақшасын төлесек болды емес пе?" деп ойлайды.

Алайда электр энергиясын үнемдеу қоршаған ортаның ластануын азайтады. Біздің елімізде электр энергиясы жылу электр және су электр станциялары арқылы өндіріледі. Жылу электр станциясы жұмыс істеу үшін отын жағылады. Ол ауаны ластайды. Біз ол ауамен тыныс аламыз.

Өкінішке орай, біздің елімізде экологиялық білім кенже қалып келеді. Үкімет көптеген іс-шара жүргізсе де, адамдар электр энергиясын үнемдеуге әдеттенбей келеді. 

Үйде компьютер, теледидар, т.б. құралдарды қажетті кезінде ғана қосып отырыңыз. Компьютермен жұмыс істеп отырып, 20-30 минутқа үзіліс жасасаңыз, оны «ұйқы» режимінде қалдырыңыз. Сондай-ақ теледидарды күні бойы қосып, тастап кететін жайттарды күнделікті көріп жүрміз. Электр пештері орнатылған үйлерде тұратындардың тарифі газ пештері барларға қарағанда азырақ. Сонда да пешті қажет кезде ғана қосып, ажыратып отырғаныңыз абзал. Тамақ пісіретін ыдыстардың түбінің плитамен бірдей болғаны да үнемдеуге көмектеседі. Суды электр шәйнегіне тек өзіңізге қажетті мөлшерде құйып, қайнатыңыз.

Киім үтіктегенде уақытымен қосыңыз. Егер үтіктің табаны бүлінсе, тұзбен тазалап алыңыз. Ол үшін матаға 300 грамм тұз төгіп, үтікті қыздырып, тұздың үстінен тазарғанша жүргізесіз.

Қыста балконда немесе басқа салқын бөлмеде тамақ сақтайтын мүмкіндік болса, тоңазытқышты не мұздатқышты ажыратып қойғаныңыз дұрыс. Апа-әжелеріміздің әдісімен етті сүрлеуге үйреніңіз.

Объяснение:

Я толька 1 вопрос ответила:

электр энергиясын үнемдеудің маңызы қандай?

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi