Можете составить план текста Еуропаның көркемөнер орталығында кішкентай бала әдемі туындыны көреді. Бұл туынды өте қымбат екен. Бала суреттен көзін ала алмай ұзақ тұрады. Ақшасы жетпеген соң, ала алмай кетеді. Қанағат деп жеген-кигенін азайтып, бір жылда аздап ақша жинайды.
Бір жылдан кейін дүкенге қайтып келеді. Суреттің сатылмағанын көріп қуанады. Суреттің авторына келіп: «Салған суретіңізді ағамның туған күніне алғым келеді. Ақша жинадым. Суретті маған сатыңызшы», - деп бір уыс ақшасын суретшіге береді.
Суретші біраз ойланып, суретті әдемі қағазға орап, балаға сатады. Бала қуанышын жасыра алмай, алғысын айтып, сыртқа шығады.
Дүкенде болған басқа суретшілер таңданып:
- Есің дұрыс па?! Oл жұмысың миллионға кетер еді. Неге су тегінге саттың? – деп сұрады. Суретші:
- Иә, бұл суретті миллионға не одан да қымбатқа сататын едім, алайда суретті сатып алу үшін
бір жыл бойы ақша жинайтын адам табыла ма? – дейді.

Yana2502 Yana2502    2   15.10.2020 22:38    14

Ответы
sofya206 sofya206  14.11.2020 22:38

1)Кішкентай баланың туындыға қызыға қарауы

2)Бір жыл бойы ақшасын үнемдеп,жинауы

3)Дүкенге келгенде суреттің сатылмағанын көріп қуануы

4)Суретші туындысын балаға оңай беруі

5)Баланың қатты қуануы

6)Басқа суретшілердің таңданып сұрауы

7)Суретшінің керемет жауабы

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi