Морфология сөзінің мағынасы ?


DOCTORMOZG DOCTORMOZG    3   11.01.2021 13:13    0

Ответы
зайка584 зайка584  10.02.2021 13:14

Морфологияның негізгі материалы — морфема. Морфология сөздің грамматикалық тұлғаларын жеке бір тілдегі сөздердің диахрондық (тарихи даму), синхрондық (қазіргі кездегі) көрінісімен де зерттейді. Морфология сөз тұлғаларының түрленуін, бөлшектенуін, әр түрлі өзгеріске түсуін анықтау мақсатында салыстыра зерттеу жүйесімен де айналысады. Сөздің тұлғасы, мағынасы және атқаратын қызметі сөйлем құрамында ғана анықталатын болғандықтан, сөзді синтаксиспен байланысты қарастырады. Демек сөзді лексика-грамматикалық сипаты тұрғысынан айқындайды.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
den193p08o5z den193p08o5z  10.02.2021 13:14

ответ:Морфология — сөз бен оның формалары туралы тіл білімінің бір саласы. Сөздер жеке тұрғанда түбір қалпында жұмсалады. Сөйлеу кезінде бірнеше сөз байланысқа түседі. Бұл байланысты тілдегі бірнеше бөлшектер жүзеге асырады. олар түбір мен қосымшаға жіктеледі. Түбір сөздің мағына беретін бөлшегі болса, қосымшаның жұрнақ деп аталатын түрі жаңа сөз тудырады немесе жаңа сөзді түрлендіреді. Ал жалғаулар сөзбен сөзді байланыстырады.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi