Мне нужно сочинение тема: мой президент. напишите сочинение на тему: мой президент и на казахском. и мой президент нурсултан назарбаев әбішұлы.

suxova1985251030 suxova1985251030    1   08.07.2019 19:40    1

Ответы
Marusya2099 Marusya2099  13.08.2020 13:30
Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ. Менің туған елім – Қазақстан. Даласы, таулары биік өр, халқы мейірімді ғажайып өлке. Республиканың өз алдыма дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін алғанына биыл 19 жыл толғалы отыр. Осыны ойласам кеудемді үлкен қуаныш сезімі кернейді. өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін! Алыс-жақын елдерде соғыс болып жатқанда, біздің аспанымыз ашық, өміріміздің бейбіт болғанына қуанамын. Сол бейбітшіліктің арқасында күліп - ойнап, еркін білім алып жүрген ерікті елдің қызының бірімін. Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын. Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңдауымен ел Президенті сайлады. Оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді. Мұның мәнін біз жақсы түсінеміз. Әбішұлы Назарбаев Нұрсұлтан ата – елге, барша әлемге танылған, өмір еңбектің шытырман жолдарынан өткен, шыңдалған, болашақты көрегенділікпен саралап, болжай білетін азамат, өткенінің өзі – көпке үлгі болар.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi