Кітап менің досым. Біздің бала кезіміздегі ақылшымыз, сыр бөлісер досымыз кітап болатын. Таң қалатын шығарсыз, дегенмен солай болғаны рас. Кітаппен бірге армандауға болады, спортсмен боласың ба, саяхатшы боласың ба, ұстаз, космонавт, дәрігер, ғалым болу бәрі сенің қолыңда, барлық сенің қолыңдағы кітапта, тек ерінбе, оқы. Іздегеннің бәрі кітаптан табылады және ол сенен бергенінің қарымын қайтаруды сұрамайды. Ең адал дос. Күш білімде, білім кітапта. Білімді мыңды жығатынын ұмытпа.