МЕН ЖАЗБАЙМЫН ӨЛЕҢДІ ЕРМЕК ҮШІН о
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Кеңілінің көзі ашық, сергек үшін.
Түзу кет, қисық-қыңыр, қырын келмей,
Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.
Шу дегенде құлағың тосаңсиды,
Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.
Таңғаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,
Және айта бер дейді жұрт тыным бермей...
Негізгі идеясы
менің ойымша бұл жастарға арналған. жастарды жақсылыққа шақыру өз өлеңнің үлгі болсын деп жазған. түзу кет қисық-қыңыр қырын келмей дегенді мен былай түсінемін,яғни бұл жақта көп жастарға түзу жүр деп айтамын,бірақ олар бәрібірде қисық жолмен кетеді жәнеде мені еш ұқпайды деген.