МЕН ЖАЗБАЙМЫН ӨЛЕҢДІ ЕРМЕК ҮШІН Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.
Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,
Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.
Шу дегенде құлағын тосаңсиды,
Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.
Таңғаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,
Және айта бер дейді жұрт тыным бермей...
•бұл өлеңнен метафора мен эпитет сөздерді теріп жазу керек
Жазбаймын, термек үшін, сезімді , орамды, бермек үшін, ұқпас, ұғар, ашық, кел