Мен уақытты бағындыпа аламын деген тақырыпқа шығып эссе жазу​

eldiraelf eldiraelf    3   22.12.2020 10:34    1

Ответы
daravill1 daravill1  21.01.2021 10:36

Уақыт - адам өміріндегі баға жетпес құндылық екені ешкімге де құпия емес. Уақыт қайтып келмейді, сондықтан бос уақытты сарп етпей, тиімді қолдана білу керек. Себебі, қазіргі ғылым мен техниканың дамыған уақытында біздің қоғамымызда "уақыт - ақша" деген қағида қалыптасқан. Уақытты тиімді пайдалану - табысқа жетудің бірден бір кепілі. Менің ойымша уақытты бағындыру дегеніміз - оны тиімді пайдалану, себебі уақыт қайтып келмейді. Сонымен уақытты бағындырудың төмендегідей тәсілдерін ұсынамын:

1. Жоспар құру. Бір күнге, аптаға, айға немесе бір жылға жоспар құру - маңызды істерді айқындауға, бірде бір минутты босқа кетірмеуге көмектеседі.

2. Бастаған ісіңізді аяқсыз қалдырмай, алдымен бір істі бітіріп, сосын келесісіне көшіңіз.

3. Күнделікті атқарылған істерге талдау жасаңыз.

4. Жұмыстарды кейінге қалдырмаңыз.

5. "Бүгін және дәл қазір қандай жұмыстар маған пайда әкеледі?" Осы сұрақты өз-өзіңізге әрдайым қойып жүрген абзал. Бұл өзіңізді тәрбиелуге және уақытты ұтымды пайдалануға көмектеседі.

6. Уақытты тиімді пайдаланудың тағы бір жолы - уақытыңызды босқа алатын теледидар көру, әлеуметтік желілерде отыру, телефон арқылы ұзақ сөйлесу т.с.с. нәрселерден бас тарту.

Ал сіз осы айтылған ақыл – кеңестің қайсысын қолданасыз?

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi