Мен шашымды қалай күтемін, қалай уход жасаймын?» эссе керек болып тұр кім маған көмектесед мен сол адамға көмектесем

smyslovgleb200 smyslovgleb200    1   07.03.2022 05:46    0

Ответы
shabanovkirillp02mew shabanovkirillp02mew  07.03.2022 06:00

Шаш - адамның көркі.Ежелден қазақ әйелдері шаш күтіміне мұқият қараған.Ұзын бұрым -әйел адамның көркі мен күші болып есептелген.Біздің заманымыз ұзын бұрымдардың азайған заманы.Қай заман болмасын шаш күтімі керек ақ. Шаш күтімі ер мен әйелдерге бірдей керек.Шаш жуғанда ,өте ыссы емес,жылы сумен жуған дұрыс.Сусабынды шашқа жаққанда массаждап жаққан дұрыс.Сусабыннан соң шашты міндетті түрде конденционермен шайған дұрыс.Шашқа маска жасауда пайдалы.Маска құрамында тек табиғи майлар мен дәрумендер болуын қадағалаған жөн.Шаш күтіміне тарақтыңда қатысы бар.Тарақ тістері өткір болмай керек,біркелкі болуы шарт.Шашты күніне 3- рет тарау,бастың қан айналымын жақсартады.Шаш күтіміне дұрыс тамақтанудыңда қатысы бар.Құрамында иод,темір, мыс,кремнийі бар азық - түлікті пайдаланған жөн.Дәруменнің тапшылығы,бояулар,электрлі шаш құрылғыларды жиі пайдалану,шаштың түсуіне әкеп соқтырады.Шаштың түсу себептерін анықтаған дәрігер минералдар мен дәрумендер қабылдауға және шаш күтуге кеңес береді.Егер шашыңыз,ұзын әрі қайратты,қалың болсын десеңіз шаш күтіміне мұқият болыңыз.Шаш арулардың көркі.Көрікті,бұрымды аруларымыз көп болсын.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi