Менің сүйікті теледидарлық бағдарламам сочинение !

КристинаКристи99 КристинаКристи99    3   02.06.2019 17:20    6

Ответы
arisha70 arisha70  03.07.2020 11:45
Менің теледидардан сүйіп тамашалайтын бағдарламаларымның саны біршама. Көбінесе Nat Geo Wild каналынан жануарлар жайлы бағдарламаларды көргенді ұнатамын. Менің бұл құштарлығым бала кезімнен бар. Анамның айтуынша, жануарлар жайлы деректі фильм немесе мультфильм қосып қойса, мен лезде тынышталып қалатынмын. Сол себептен, кішкентай күнімде ойнаған ойыншықтардың түгелдейін жан-жануарлар болған сияқты. Менің ойымша, бұл құштарлықтың маған әкелер пайдасы өте көп. Мысалы, биология сабағында, мен басқа оқушылардан қарағанда зоология жайлы көбірек білетін сияқтымын. Менің сіздерге айтарым, уақытты құр-босқа бағдарлама көріп емес, пайдалыларына жұмсаған дұрыс. Дәл менің жағдайымдағыдай, ертеңгі күні олардың да сізге көмегі тиіп қалуы мүмкін. Мысалы, менің әпкем "Жиырма бірінші ғасыр көшбасшысын" сүйіп көреді. Түрлі салаларда біліміңізді тексеріп, толықтырғыңыз келсе, бұл бағдарламаға назар аударыңыздар. 
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi