Менің өмірге деген көз карасым эссе​

cuvluroyeoc cuvluroyeoc    1   13.01.2020 15:41    4

Ответы
kamillagabbasoVa kamillagabbasoVa  27.08.2020 19:21

Өмір деген қызық. Біреуді құлатады, біреуді жұбатады. Біреуге сын айтады, біреуге сыр айтады. Біреуді баптайды, біреуді даттайды.

Кейде өзіңнен үлкен жандар үлкендігін алға тартып, "Мен бәленмін, мен түгенмін, сендер өмір дегенді білмейсіңдер, дым түсінбейсіңдер" деп жатады. Қарап отырсаң, өмірді кішілер емес, солай көп сөзбен көпіретіндер түсінбейді. Қазақ "Көп жасағаннан емес, көп көргеннен сұра"  дейді. Кейде өзіңнен кіші бауырларың ақыл айтып, ой тастағанда ерекше мәз боласың. Есейген екен дейсің. Олардың сөзіне бөгет болмайсың. Қайта осылай айтқанын жөн санап, құптайсың.  Өмір деген қызық қой ,қызық жерін сызып қой демекші,өмірде түрлі жағдайлар болады әлбетте.Солай бола тұрса да,кейбір әттең-ай деп кететін кездері де аз  болмайды.Үзік сызықтай бұл өмірдің қай күні тоқтарын ешбір жан біле бермес сіра да .Мәңгілік ұйқы алдындағы серуен де ,аяғымызды нық басып,әр басқа қадамымызды құтты қылу әр біреуіміздің міндетіміз.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi