Менің өмірімнің мақсаты білімді азамат болып, еліме қызмет ету. Ол үшін мен қазір күнделікті пәндерге жақсы дайындалуым керек. Қазір менің тиянақты білім алуыма ата-ана барлық жағдайды жасап отыр. Олай болса, менің тағы бір негізгі мақсатым сол кісілердің еңбегін ақтап, олардың алдындағы балалық борышымды жоғары дәрежеде өтеу. Білімді мыңды жығады, білекті бірді шығады. Білім адамның өмірлік азығы. Менің өмірімнің мақсаты біліміммен, адал еңбекпен өмірдің биік белестерін игеру.