Менің хоббиим эссе жаушылық​

dasharisk2104 dasharisk2104    2   25.12.2020 10:58    0

Ответы
forring0 forring0  24.01.2021 10:59

Менің сүйікті хоббиім

Әр адамның өзіндік талғамы мен ішкі дүниесіне сай сүйікті ісі болады. Біреулер би билеп, өз орнын тапса, енді біреулер ін айтады, басқалары спортпен шұғылданады.

Аенің сүйікті хоббиім - сурет салу. Сурет салумен мен үш жасымнан айналысамын. Арнайы өнер мектебінде сурет салу бойынша қосымша сабаққа барамын. Сурет салуда бір құпия бар сияқты, өйткені сурет салу барысында өзіннің қиялыңа еркіндік беріп, ойыңдағы нәрсені сурет арқылы білдіресің. Келешекте аты әлемге танылған әйгілі суретші болуды армандаймын.

Сурет салуға бар бос уақытымды арнап, талантымды шыңдауға тырысамын, әлемге әйгілі суретшілердің қаламдарынан шыққан туындыларды тамашалап сусындаймын.

Биылғы жазды демалыста отбасыммен бірге Қазақстандағы бейнелеу өнерінің баға жетпес інжу-маржандарын жиып-терген «Астана» ұлттық сурет галереясына бардық. Залда отандық бейнелеу өнерінің негізін қалаушылар Ә.Қастеев, А.Исмаилов, Н.Хлудов, К.Қожықов, А.Черкасский, П.Зальцман, А.Бортников, сондай-ақ кәсіби суретшілер С.Айтбаев, Ш.Сариев, Ж.Шарденов, М.Кенбаев, А.Ғалымбаевалардың еңбектері келушілер назарына ұсынылған екен.  Аталмыш өнер иелерінің шығармалары Қазақстанның классикалық кескіндеме өнерінің қалыптасуына зор ықпалын тигізді.

Қайсына қарасаң да ерекше сезімге берілесің. Біреуінде періштеден пәк сәбидің жүзі, екіншісінде табиғаттың әсем көрінісі бейнеленген.

Осынау галереяны аралап жүрген сәтімде отандық суретшілердің туындыларын тамашалап, өте тәнті болдым. Қай - қайсысы да маған ұмытылмас әсер қалдырды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi