Менің Айбек деген досым бар.Ол Алматы қаласындағы № 104 мектепте 3-сыныпта оқиды.Мен досыммен мақтанамын.Себебі, ол таеквондодан спорт шебері.1-сыныпта оқып жүрген кезде-ақ талай-талай жарыстарға барып жеңімпаз атанды.Қазіргі таңда 35 медалі бар.Оның төртеуі -күміс, қалғаны түгел- алтын.
Айбек -өз мектебінің мақтанышы.Мектебіне бара қалсам, мектептің дәлізіндегі «Біздің мақтаныштарымыз» деген тақтадағы досымның суреті көзіме оттай басылады. Соңғы қоңырау салтанатында мектеп әкімшілігі досымды спортшылар кітабына енгізді.Осы кітаппен мектеп директорының өзі марапаттаған сәтте досымды мақтан тұттым.
Мен жеңімпаз досыммен әрдайым мақтанамын.Ол тек біздің ғана емес, Қазақстанның мақтанышы.Жеңістен-жеңіске жете бер жеңімпаз досым!