Менің таңдаған мамандығым - заңгер. Болашақта атақты адвокат болғым келеді. Адамдардың құқықтарын қорғап, оларды жаңылыс тағылған айыптардан арашалауды көздеймін. Тағы бір таңдау себебім - заңдарды толық білу және қолдану. Өмірде өзінің құқықтарын білетін адам үлкен жетістіктерге жетеді. Сонымен бірге бұл мамандық қоғамға да өте пайдалы. Белгілі бір себептермен өз күшімен заңдарды оқып, олардың анық қанығына жете алмаған адамдарға заңды түсіндіру тұрғысында көмек беру заңгердің міндетіне жатады. Бұл жерде заңгер мамандығы қоғамға құқықтық жағынан өте пайдалы.