Мен болашақ саяхатшымын эссе кіріспе негізгі бөлім қорытынды осыған сай жазылу керек көмек керек​

larsab larsab    2   28.04.2021 17:14    1

Ответы
112303 112303  28.04.2021 17:20

Менің жазғы каникулым өте қызықты өті. Жазғы демалысымды мектеп кезінде қатты күтіп едім, енді міне, сол демалыстың санаулы соңғы күндері өтіп жатыр. Алайда, демалысымның тез аяқталғанына жабырқамаймын. Себебі, мектептегі достарымды, ұстаздарымды қатты сағындым. Каникулымның барлыкқ күні қызықты әрі есте қаларлықтай өтті. Әдетте көп балалар демалыс күндерін басқа қалада өткізгенді қалайды. Ал, мен демалыс күндерімді ата-анамның қасында өткізгенді қалаймын. Себебі, сабақ күндеpі ата-анама қолұшымды жиі бере бермеймін. Өйткені, олар менің сабақты жақсы оқығанымды қалады, басқа нәрсемен айналысып, көңілімнің бөлінуін қаламады. Сол үшін демалыс кезінде барынша ата-анама кемектескім келеді. Алайда, басқа қалаларға да әжеммен бірге жиі барып тұрамын. Мен үшін туған жeрімде өткізген демалыс күндерім өте қызық. Менің бұл жақта достарым өте көп. Біз ер бала болғандықтан, көбіне футбол ойнағанды жақсы көреміз. Алайда, одан басқа түрлі ойын ойнаймыз. Каникулдың ортасында ата-әжем тұратын ауылға барып қайтамын. Ол жақ мен үшін тамаша мекен, каникул басталса мені әсте сол жақ тартып тұрады. Неге екенін білмеймін?! Ол жаққа барсам, ата-әжемнің ерке немересіне айналған соң шығар. Олар өте жақсы адамадар, мен барсам бар дәмдісін алдыма қояды. Атам маған үнемі дана, ұлы ғұламалар айтқан сөздерді жиі айтып отырады. Мен олардың барлыған жадымда сақтауға тырысамын. Өйткені, ол сөздер адамға дұрыс жол бағыттайтын сөздер. Мен ушін ең ашық аспан ата-әжем тұратын ауылдың аспаны. Жұлдыздар аспанда саң мыңдап түрлі пішін көрсетіп тұрған секілді. Атам екеуіміз жетіқарақшыны санап, ауылдың салқын самалымен ұйықтап, шығыстан атқан күнімен бірге оянамыз. Таңғы шайды тәттілеп ішіп, айраннан ұрттап, азаннан кешке дейін ауыл балаларымен ойнаймын. Ауылда менің достарым өте кеп, біз түрлі ойын ойнаймыз.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi