– Мен Балтамын, Балтамын, Еңбек күйін тартамын.
Екінші бір мамандық
Алмағанға бар таңым.
Жаз ба, күз бе, қыс мейлі,
Шебер қолдан түспеймін.
Балға жоқта балғаның
Қызметін де істеймін.
Бұл әңгіме тосын-ды.
Оған Оқтау қосылды:
- Бар екінші өнерім,
Қолдаймын мен досымды.
Тек нан илеп қоймаймын,
Мен де көп ой ойлаймын.
Тоқпақ болып, тентектің
Төбесінде ойнаймын!
- Екінші өнер керемет!
Маған да сол керек ед.
Икемделдім, – деп қойды
Кресло-кереует...
– Алса қолға шеберің,
Болмас маған теңерің.
Неше түрлі ағашты
Қашау – менің өнерім, –
Деді Қашау, – ғұрыпты
Бұзбай атам жүріпті.
Ал мен болсам, қосымша
Бұрай алам шурупты!
- Көкке қолын жайғандар,
Ойланыңдар, ойлаңдар! –
Деді екінші мамандық
Алған құрал-саймандар.
Қадыр Мырза әлівильянди evanix газета

Өлеңдегі негізгі ойды тап​

gerasimenkocatia gerasimenkocatia    1   20.01.2021 11:10    3

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi