МЕНІҢ АТЫМ – ТӘУЕЛСІЗДІК ...Алып қорғанның құлағанын көрдім,
Небәрі алты жасымда,
Алып тұлғалар жылағанын көрдім,
Бастарын сүйеп ғасырға.
Алып таулардың шайқалғанын көрдім,
Алты жасымда соны ұқтым:
Алып сөздерді айта алғанын көрдім,
Ат төбеліндей халықтың.
...Жылаған жоқпын,
сұраған жоқпын анамнан,
Сол күні жаңа әнұран айтып оралған,
Сол түні неге ұйықтамай маған бір аңыз айтып шыққан
Үл жайлы Күннен жаралған.
Түсінбесем де тыңдаймын,
Онсыз да оны жесірлік салған жасытқан еді мұң-қайғы..
Көзінің жасы сөйлеген түнді ұқпасам да,
Аңыз ұнаған
Жаралған күннен Ұл жайлы!
Деген де шығар «бодандық жайлы білмесін»:
Сен түсін, дәуір, сонау бір қанды жыл, кешір!
Тарихтан дәріс оқитын менің анашым орта мектепте
Ұлына бірақ айтпапты кісен, құлдық пен түрме бүргесін
Ерлікті айтқан, үйретпеді ол ездікті,
Ұстатқан қалам, ұстатпады ол кездікті,
«Құлыным, сенің тарихың басқа» деген тек,
Ол, бәлкім, менен Сөз күтті!
Ал бүгін, енді,
Тарихты өзім білемін,
Жолдарды сезем жонарқамменен мыңжылдар өткен ұль
Ұлылық жайлы ойлайды басқа,
Жап- жас шақ
Ұлы қорғандардың күйреуін көрген жүрегім –
Алты-ақ жасында ақырын көрген алыптың!
..Тәуелсіздік ше?
Ол-менің тегім,
ұлдарыма оны дарыттым.
Тәуелсіздік - мен
ол - менің асқақ аңызым,
Болмысы ол ұлдың өзіңнен туған
Жарық күн!
шығармадағы автор бейнесіне сипаттау