Менің атам - ағаш шебері. Атамның шеберханасы бар. Шеберханада ағаштан бұйымдар жасайды. Атамның жанында көмекшісі бар. Ол кісілер былтыр ағаштан қамшы, домбыра, қобыз жасады. Оларды оюмен өрнектеді. Домбыраның бетіне «қошқармүйіз» өрнегін салды. Ал қамшының сабына «сынықмүйіз» өрнегін салды.
Былтыр Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Зергерлік өнер» атты көрме өтті. Атам көрмеге ағаштан жасаған бұйымдарын қойды. Көрмеге келушілер қолөнер бұйымдарын ұнатып, қызықты.
Көрмеге «Әдемі- ай» өнер мұражайындағы сирек кездесетін зергерлік бұйымдар қойылды. «Әдемі- ай» өнер мұражайының 2011 жылы белгілі коллекция жинаушы, өнертанушы Баһаргүл Төлеген ашқан еді. Қазір мұражайда 1000- нан астам экспонат бар. Онда біздің заманымызға дейінгі І-ІІІ және VІ- ХІІ ғасырлардағы археологиялық ескерткіші бар. Көрмеге «Әдемі- ай» компаниясының Қазақ хандығының 550 жылдығына арнап дайындаған сәндік қолданбалы өнер бұйымдары мен ұлттық кәдесыйлары да қойылды. Әшекейлер қазақ халқының тарихынан сыр шертеді. Зергерлік бұйымдар ұлттық мәдениетіміздің дамуын көрсетеді. Ұлы даланың қолөнер туындылары мәңгі жасайтынына көзім жетті.
Тапсырма.
А) мәтінге ат қой (озаглавьте текст)

Ә) мәтінге жоспар құр (составьте план текста)

Б) мәтін бойынша 3 сұрақ құрастыр (по тексту составьте 3 во Тапсырма. Мәтіннен етістіктерді теріп жаз. Оларды бұрынғы өткен шаққа айналдырып жаз. (выпишите из текста глаголы и напишите глаголы в давно времени)
Мысалы, жасайды – жаса+ған.
Тапсырма. «Менің жазғы демалысым» тақырыбында мәтін құра. (составьте текст по теме «Мои летние каникулы»)

79185519305 79185519305    3   18.05.2020 09:56    7

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi