«Менің анам -алтын» тақырыбында сипаттап немесе суреттеп эссе жазу(кіріспе,негізгі,қорытынды бөлімдерін сақтау)

vladaua2005p06s4b vladaua2005p06s4b    3   21.09.2021 20:53    0

Ответы
turansalehova turansalehova  21.09.2021 22:00
Ана – бала үшін өмірдегі ең қымбатты жан. Қандай ана болмасын түн ұйқысын төрт бөліп баласына деген мейірімін, махаббатын ақ сүтін беріп асырайды. Әр ана баласының дені сау, жақсы азамат болғанын арман етеді. Ананың мейірімділігі сонша, отбасында қанша бала болса да, солардың бас - басына өзінің жақсы қасиеттерін үйрете отырып тәрбиелейді. Осы балалардың ішінде біреуі ауырып қалса, сол баласы жазылғанша ана жаны қоса қиналады.
Балалары ержетіп кетсе де, ана үшін ол әлі сәби күнгісіндей көрінеді. Көп күн келмесе, алыста жүрсе, хабарла , «Не болды екен?» деп есі - дерті сол баласында болады. Мен анамды қатты жақсы көремін. Сыйлаймын, амандығын тілеймін. Бірақ кейде оны ренжітіп алып жатамын. Мен өзім тез ашуланатын мінезім бар. Кейде анама бұлданып, қарсы сөйлеп қалатыным бар. Бірақ ашуым қайтқан соң «бекер айттым» деп өкініп қаламын. Бірақ анам кешірімшіл, ақылды, байсалды адам. Осындай сәттерде мен анама барып, көңілін табуға тырысамын. Бетінен сүйіп, жылы сөздер айтамын.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi