Мен- адамдык диканшысымын га олен 2 жумак барама болса Жыберындерш ертерек Алла разы болсын​

Lenka5891 Lenka5891    1   25.01.2021 20:33    0

Ответы
Мармеладик9 Мармеладик9  24.02.2021 20:35

Адамдық диқаншысы қырға шықтым,

Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.

Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,

Көңілін көгертуге құл халықтың.

Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,

Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.

Оттай бер, жануарым екі аяқты,

Адамдық хайуанға қанша қажет?!

Жаратқан малды Құдай не керекке-

Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.

Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп,

Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.

Таяққа еті үйренген қойшы жайлап,

Көк есек қозғала ма түрткенге айдап?

Есептен алданғандай болғандар көп,

Жасықты асыл ма деп білмей қайрап

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi