Мен адамдықтың диқаншысымын! шағын мәтін жазу​

Pharmit24 Pharmit24    2   14.01.2021 12:21    0

Ответы
Неизвестный17781 Неизвестный17781  13.02.2021 12:24

Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді. Моральдың негізгі міндеті — адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу. Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады. Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері өл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.

Біздің отбасымызда ата-әжем, ата-анам үнемі бізге өнегелі тәрбие беріп, бойымызда тек жағымды қасиеттердің қалыптасуына септігін тигізеді. Осы ізгі тәрбиені бойыма сіңіріп, болашақта ата-анам ғана емес, бүңіл ел мақтанатындай адамдық диқаншысы болғым келеді.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
aska13aska aska13aska  13.02.2021 12:24
Менің түсінуім бойынша адамдық дегеніміз - адамгершілік, яғни жағымды қасиеттердің асылы, рухани тәрбиенің бастауы, әдептілік ұғымымен қатар жүретін а ң ең жоғарғы мақсатына бағытталған гуманистік құндылық. Адамгершілік басқа сөзбен айтқанда, адамшылдық дегенді білдіреді, яғни бұл қасиет адам бойында ең алдымен отбасында, атап айтқанда ата – ананың үлгісі мен тәлім – тәрбиесінің арқасында қалыптасады.
Халықтық дүниетанымда мінез-кұлықтың әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық және т.б.
Адамгершілік адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды.
Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді. Моральдың негізгі міндеті — адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу. Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады. Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері өл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.
Отбасымызда ата - анам менің үлгілі, салиқалы болып қалыптасуына үлкен мән беріп, бойыма адамгершілік, қарапайымдылық секілді ізгі қасиеттерді сіңіріп отырады. Болашақта мен де ер жетіп, осы ізгі тәрбиенің жалғастырушысы, яғни адамдық диқаншысымын.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi