мен 1768 жылдары дүние са «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауы Күлдір-күлдір кісінетіп, Күреңді мінер ме екеміз. Күдеріден бау тағып, Қамқапты киер ме екеміз?! Өзенге бие байлатып, Төскейге орда орнатып, Төрткілдеп ошақ қаздырып, Төбел бие сойғызып, Төменде бидің кеңесін Біз де бір құрар ма е екемиз Құлаты тауға қол салып, Садақтың оғын мол салып, Бетпақтың ен бір шөлінен Төтелеп жүріп жол салып, Қолды бір бастар ма екеміз?! Майданда дабыл қақтырып, Ерлердің жолын аштырып, Атасы басқа қалмақты Жұртынан шауып бостырып, Түйедегі наршасын, Әлпештеген ханшасын Ат артына мінгізіп, Тегін бір олжа қылар ма екеміз?! Кеуде бір жерді жол қылсам, Шөлең бір жерді көл қылсам, Құрап жанды көп жиып, Өз алдына ел қылсам!.. кара созбен жазу керек