Меңгерудің бағыныңқы сыңарлары барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік тұлғалары арқылы басыңқы сыңармен байланысады. Басыңқы сыңар негізгі қызмет атқарады, осыған байланысты меңгеру:
есімді (бетегеден биік, жусаннан аласа);етістікті (ауылдан келді, аттан түсті),ортақ (айтқанын дұрыс көрді, жиырма күн мөлшерінде оралды) болып бөлінеді.
Есімдердің барлығы бірдей меңгеруде басыңқы сыңар бола бермейді, предикаттық қызметте жұмсалатын абстрактілі зат есімдер мен сапалық сын есімдер ғана басыңқы қызметте жұмсалады. Етістіктер табыс септігін меңгеруі негізінде салт және сабақты болып бөлінеді. Меңгеру толық сипатта да, жасырын түрде де келе береді (көрме аралады, кітапты оқыды). Меңгеру әр түрлі қатынаста жұмсалып, түрлі мағыналарды білдіреді.
Меңгеру – синтаксистік байланыс түрлерінің бірі.
Меңгерудің бағыныңқы сыңарлары барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік тұлғалары арқылы басыңқы сыңармен байланысады. Басыңқы сыңар негізгі қызмет атқарады, осыған байланысты меңгеру:
есімді (бетегеден биік, жусаннан аласа);етістікті (ауылдан келді, аттан түсті),ортақ (айтқанын дұрыс көрді, жиырма күн мөлшерінде оралды) болып бөлінеді.Есімдердің барлығы бірдей меңгеруде басыңқы сыңар бола бермейді, предикаттық қызметте жұмсалатын абстрактілі зат есімдер мен сапалық сын есімдер ғана басыңқы қызметте жұмсалады. Етістіктер табыс септігін меңгеруі негізінде салт және сабақты болып бөлінеді. Меңгеру толық сипатта да, жасырын түрде де келе береді (көрме аралады, кітапты оқыды). Меңгеру әр түрлі қатынаста жұмсалып, түрлі мағыналарды білдіреді.
Мысалы, барыс септігі арқылы жасалған меңгеру:
іс-қимылдың бағытын (оқуға кетті, далаға шықты);нысанын (балаларға айтты, кітапқа қарады);себебін, мақсатын (айтуға келді, баруға талаптанды) білдіреді