Мазмұны не туралы? 2 мәтін 1 мәтін 1 мәтін Жұлдыз- ете күшті қызған газдан (плазмадан) тұратын, өзінен жарық шығаратын және табиғаты жағынан Күнге ұқсас аспан денелері. Күн Жерге жақын болғандықтан ғана үлкен болып кeрінеді. Жұлдыздар Жерден өте қашық орналасқандықтан, телескоппен қарағанның өзінде де нүктедей ғана болып көрінеді. Айсыз түнде жай кезбен карағанда 5 мыңға жуық жұлдызды, ал күшті телескоп аркылы миллиардтаған жұлдызды көруге болады. Ерте заманның езінде-ақ адамдар жұлдызды аспанды шоқжұлдыздарға бөлген. Қазіргі кезде 88 шоқжұлдыз бар. Көп уақытқа дейін жұлдыздар орнынан қозғалмайды деп есептелген Аристотель заманынан (біздің заманымыздан бұрынғы 4-ғасыр) бастап, көптеген ғасырлар бойы жұлдызды аспан мәңгілік және өзгермейтін хрусталь сфера тәрізді, оның сыртында құдайлар өмір сүреді деп жорамалданды. 16-ғасырдың соңында Джордано Бруно жұлдыздар да Күн сияқты аспан денелері деген пікір айтты. 2 мәтін Жұлдызды Аспан аспан кумбезінде түнде көрінетін шырақтардың жиынтығы Түнде жай көзбен аспан сферасының жартысынан, ауа райы жақсы жағдайда, бір мезгілде 2,5 мындай жұлдызды (6-жұлдыздық шамаға дейін) көруге болады. Олардың көбісі Құс жолы жолағының манына орналаскан. Бағдарлауға қолайлы болу үшін Жұлдызды аспан, шартты түрде, шоқжұлдыздарға (жалпы саны 88) бөлінген. Жұлдыздарды адамдар ежелден-ақ басты-басты шоқжұлдыздар мен зодиактік жұлдыздарға ажыратқан. Шоқжұлдыздардың атаулары ежелгі гректер мен римдіктердің мифологиясынан алынған (мысалы, Андромеда, Персей, Дельфин, т.б.) немесе егін, мал, аң шаруашылығына (мысалы, Сиыршы, Балықтар, Қоян, т.б.) байланысты қойылған. Мысалы, Геркулес пішіні бір тізесін бүккен адамға, Торпак (көне түркі тілінде Үді) бұқаның мүйізіне, Аққу мен бүркіт - қанатын жая самғап ұшқан құстарға ұқсайды.