Матыннен курмалас сойлемдерды табу
Пошта (итал. posta) — заттарды (жазба хабарларды, басылымдарды, ақша аудармаларын, т.б.) үздіксіз жинақтап, оларды көлік арқылы таратуды қамтамасыз ететін байланыс түрі. Пошта — мемлекеттік байланыс жүйесінің маңызды мекемесі. Ол жергілікті халықтың мәдени-тұрмыстық мұқтаждығына қажет заттар жеткізу, бір ел ішінде және шетелдермен ақпарат алмасу мәселелерін қамтамасыз етеді. Қазақстанда алғаш пошта бөлімі 1860 ж. Алматы қаласында (Верный қаласы) ашылды. 1862 ж. Алматы қаласын Пішкек қаласымен қосқан бірінші телеграф желісі іске қосылды. 1993 ж. пошта және электр байланыстары жеке бөлінді. 1995 жылдан Қазақстанда пошта Республикалық мемлекеттік пошта байланысы мекемесіне (РМПБМ) айналды. 1999 жылдан РМПБМ “Қазпошта” АҚ болып қайта құрылды. “Қазпошта” АҚ көрсететін қызметтерге жазбаша хабар, бандероль, посылка жіберу және жеткізу, үлкен өлшемді ауыр жүктерді жіберу және жеткізу, курьерлік қызмет көрсету, мерзімдік басылымдарға жазылу, оларды жіберу, жеткізу, сату, арнайы байланыс қызметін көрсету, филателия бөлімі, пошта жеделхаттарын жіберу, т.б. жатады. Қазақстандағы пошта жолының жалпы ұзындығы 105400 км-ден астам. Оның 95%-ы автокөлік үлесіне тиеді.

3339991 3339991    2   28.04.2020 11:21    8

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi