масғұттың қызыл жемісті таңдауына өзіндік баға бере отырып,шығарманың көркемдік құндылығын талдап,әдеби эссе жазыңыз

aleksа005005 aleksа005005    2   27.10.2020 07:05    34

Ответы
Рома2043 Рома2043  26.11.2020 07:05

Масғұт қызыл жемісті таңдау арқылы өзінің достық, адамгершілік пен адал іс әрекетті құптайтынын танытады. Масғұтты автор оқиға басында-ақ қайырымды, өжет іс-әрекетімен көрсетеді. Ақ, сары, қызыл жемістен өз таңдауын алған Масғұттың ақылы, парасат, пайымы танылады. Абай кейіпкерін орта дәрежедегі адам ретінде ала отырып, байлық пен ақыл туралы көзқарастары арқылы өз ортасынан ойы озық, адамгершілік сапасы жоғары жан ретінде көрсетеді.  Масғұт ақыл туралы: «Ақылды жан табылмас маған сырлас, Көріне тентек, көп надан мойын бұрмас. Әділетсіз, ақылсыз, арсыздарды Көре тұра, көңілде тыныштық тұрмас» десе, байлық туралы: «Жұрт күндер жұрттан артық байлық үшін, Бұлдайды біреу күшін, біреу түсін. Не қылса да надандар алмақты ойлар, Мал антұрған күйдіріп елдің ішін» дейді. Масғұт қызыл жемісті алғанда, жеңсікшіл, нәпсі құмар көп жастың жолынан жырақ шығады. Ол әйелді, ең алдымен, адамзаттың қақ жарымы деп түсінеді. Әйелдің достығын ерекше қадір түтады. А дос боламын деген үлкен адамгершілік талапты өз өмірінің мақсаты етіп қояды.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi