Маржан бала кезінен табиғатты сүйіп өсті. Бірде Маржан серуендеуге шықты. Бақты аралап келе жатты. Алдында жатқан тасты көрді. Тастың қуысынан бір дыбыс естілді. Тастың жанына барды. Оны көтерді. Маржан тастың астында қылтиып* өсіп келе жатқан жауқазын
гүлін көрді. Жапырақтары бүрісіп қалыпты. Маржан
тасты көтеріп алып тастады. Жауқазынның «ух!» деп тыныстаған байқады.– Мұндай жағдайға қалайша тап болдың, айтшы? –
деп сұрады Маржан. Жауқазын әлсіз де нәзік даусымен:
– Күз айының аяқ кезі. Мына тас маған үй болам
деп уәде беріп еді. Міне, ақыр аяғы қандай жағдайға ду-
шар болдым. – Маржан тасты алысырақ алып тастады.
Жауқазынның жапырақтарын жөндеді. Топырағын
қопсытты. Су құйды.
– Жауқазын, сен тасқа ренжіме. Енді менің жауқазыным боласың. Мен саған қамқоршы боламын, – деді Мар-
жан. Осы күннен бастап Маржан күн сайын баққа келетін
болды. Жауқазынның түбін қопсытады. Шөбін жұлады.
Су құяды. Күтімі жақсы гүл жайнап өсе бастады. Мар-
жан жауқазынға қарап өз еңбегінің нәтижесін көрді.