Мамандыққа байланысты терминдерді теріп жазып, әрі қарай жалғастырыңыз. Аудитор – мекеменің бухгалтерлік есебін, қаржылық қызметін тексеруші. Аудитор мамандығы кәсіби шеберлікті, ақыл мен сенімділікті талап етеді. Аудитор жұмысына адал, объективті, тәуелсіз болуға тиіс, сеніп тапсырылған құпияны сақтауға міндетті. Аудитор өз клиенттерінің сеніміне ие болу 67 мақсатында қызмет етеді. Кәсіпорындар акционерлер мен басқа клиенттер сеніміне ие болған білімді де білікті аудиторды таңдап, шақыруға тырысады. Тәуелсіз аудиторлар коммерциялық ұйымдар арасындағы дұрыс қарымқатынастың пайда болуына ықпал етеді. Бухгалтерлік ақпараттың әділдігі мен нақтылығын қолдау арқылы өркениетті нарықтық қатынастардың қалыптасуына көмектеседі. Ол нарық субьектілері арасындағы сенім көрсеткішін көтере түсуге септігін тигізеді.

UdTzgu UdTzgu    3   15.04.2021 13:08    0

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi