Макалдар мен мәтелдерді бөліп топтастырыңдар. 1. Аққу көлін аңсайды,
 Адам туған жерін аңсайды.
 2. Атақоныс – алтын мекен.
 3. Атамекен анаң екен,
 Қысылғанда панаң екен.
 4. Атамекен туған жер:
 Кір-қоңыңды жуған жер,
 Кіндігіңді кескен жер,
 Кісі болып өскен жер.
 5. Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары.
 Әркімнің өз жері – ұжмақ.
 6. Бақыр қазан қайнаса,
 Бәріміздің бағымыз.
 Туған жердің әр тасы –
 Біздің алтын тағымыз.
 7. Бақа - батпағына, балық - көліне.
 8. Кісі елінде сұлтан болғанша,
 Өз еліңде ұлтан бол.