Макал мател куру. Жан қиы дос болсаң, Сыйласумен жүрерсің.
Шашылып жатса сыртынан,
Жинасумен жүрерсің.
Ұзатпай хал сұрасып,
Жақындасып жүрерсің.
Жақсы, жаман іс болса,
Ақылдасып жүрерсің.
Кемісі болса кешіріп,
Татуласып жүрерсің.
Сырттан айтқан сәлемін
Мақұлдасып жүрерсің...
Болмашыға сыр берсе,
Бұқаша көз сүзерсің.
Ақырында айтысып,
Достан күдер үзерсің.