Маган хат жазу керек алгышкы бастауышта берген мугалимге комектесиндерши

dashahomjak1 dashahomjak1    1   02.09.2019 14:00    0

Ответы
alinkalapko049 alinkalapko049  06.10.2020 12:22

Алғашқы мұғалімге хат.

Сәлеметсіз бе, құрметті Бақытжан апай!

Қал - жағдайыңыз қалай? Денсаулығыңыз жақсы ма?

Сізге хат жазып отырған оқушыларыңыздың бірі - Смаилова Жанаргүл, есіңізде болармын? Басқа қалаға көшіп кетсем де, әлі де сыныптағы достарыммен хат алмасып, хабарласып тұрамын. Бүгін, міне, сізге хат жазып, өз алғысымды білдіргім келіп отыр. Алғаш қолыма қалам ұстатып, әріп танытқан алғашқы ұстазымсыз, сіз қашан да жүрегімнен ерекше орын аласыз. Өмір бойы сізге алғыс айтудан шаршамаймын, себебі сіз мені білім нәрімен сусындатып, "білім" атты үлкен теңізге жетеледіңіз.

Қазіргі мектебімде де оқу озатымын, ұстаздардың мақтанышымын. Бұл - сіз берген үздік білім мен өнегелі тәрбиенің жемісі деп білемін.

Алда келе жатқан ұстаздар күнімен құттықтаймын! Еңбегіңіз бағаланып, жемісті болсын! Үздік оқушыларыңыз көп болсын деп тілегім келеді.

Сәлеммен,

Жанаргүл.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi