Мағжан Жұмабаев – қазақтың ұлы ақыны -тапсырма. Мәтінді оқы.
1.
Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан Бекенұлы (25 маусым 1893, Солтүстік Қазақстан облысы,
қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы 19 наурыз 1938, Алматы) Алаш
қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы. Мағжан философ
ақын. Ақынның философиялық көзқарасы өз өлеңдерінде жақсылық пен жамандық,
әділдік пен әділетсіздік тәрізді қарама-қайшылықты философиялық ұғымдарды шебер
шендестіре білуінен байқалады. Ол дүниені біртұтас құбылыс ретінде алып, адамды сол ұлы
табиғат, жаратылыстың бір туындысы,
бөлшегі ретінде суреттейді
Табиғатсыз,
жаратылыссыз адам жок. Ал табиғат адамсыз да күн көре береді. Бірақ сана оған
бағынбайды, дене бағынса да сезім бағынбайды. Сондықтан ол бұлқынады, серпінеді, үстем
болғысы келеді. Мағжан қазақ лирикасының сыршылдығын тереңдетті, адамның нәзік
сезімдеріне тіл бітіре білді. Бұл қасиет оның, әсіресе, махаббат лирикасына тән ("Сүй, жан
сәулем", т.б.). М.Жұмабаев әлемдік Поэзияда экологиялық такырыпты алғаш
жырлаушылардың бірі ("Айда атыңды, Сәрсембай Шойын жол"). Ол техикалық прогреске
қарсы болған жоқ, оның ұлттық-мәдени, рухани дәстүрлерді бұзуына қарсы еді. Техника
жетістіктерін қызыға жырлай отырып, туған жердің әсем табиғатынан айырылып қалмауға
үндеді.Составить 5 вопросов по тексту

лупапупа лупапупа    1   24.11.2020 12:00    1

Другие вопросы по теме Қазақ тiлi