Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Булаев
ауданы «Сасықкөл» деген жерде туған. Бала кезінен өте зерек болып, төрт жасынан хат таныған. Мағжан 1905жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп,оны жақсы үлгеріммен аяқтайды.Мұнда ол шығыс әдебиетімен танысады. Шығыс әдебиетінің даналары-Фирдауси,Сағди,Хафиз, Омар Хайямныңдастандарын түпнұсқадан оқиды.Ақын мұнан әрі білімін Уфадағы
«Ғалия» медресесінде жалғастырады. Оның ұстазы-Ғалымжан
Ибрагимов. Мағжан-лирик,сыршыл, эпик ақын. Ол Пушкин, Лермонтов,
Горький, Байрон, Гете тағы да басқа ақын-жазушылардың шығармаларымен
танысып, таңдаулы туындыларын ана тілімізге аударды.