Мақтау создерден тұратын диалог құру керек.

fedyuningleb20 fedyuningleb20    2   05.09.2019 06:50    72

Ответы
marinedzhan000 marinedzhan000  06.10.2020 18:48

Мақтау сөздерді қатыстырып, диалог құрастыру.

Мақтау-біреудің істеген ісіне,еңбегіне жоғары баға беру. Нақты мақтау сөздер тізімі әдетте болмайды, әр түрлі жағдайларға байланысты айтыла береді.

- Анашым, мектептен қарным ашып келді, түскі ас дайын ба?

- Әрине, құлыным. Тамақ дайын, киіміңді ауыстырып, қолыңды жуып кел. Барлығымыз отырып, түскі ас ішейік.

- О, қандай кремет! Анашым, менің сүйікті тағамымды әзірлепсіз!

- Иә, ботам, сені қуантайын дедім.

- Дәмі тіл үйіреді, көп рахмет сізге! Қолдарыңыз дерт көрмесін!

- Рахмет, жаным.

- Өте дәмді болыпты бүгінгі тамақ! Бірақ сіз қашанда дәмді қылып әзірлейсіз ғой! Мен де өскенде сізге ұқсап, тағамның түр – түрін пісіріп үйренгім келеді!

- Ас болсын! Әрине, сәл өскен соң үйретермін бәрін де.

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi