Маған'' менің әжем'' тақырыбына арналған шағын шығарма керек

juljadob54 juljadob54    3   08.06.2019 06:10    7

Ответы
lanadanelianlana lanadanelianlana  07.07.2020 14:51
Шығарма «Ардақты менің Ата-Әжем!» Менің атам мен әжем Астана қаласында тұрады.Менің әжем Байсақалова Мараш Ибрагимқызы 1947 жылы Атбасар қаласында дүниеге келген. Менің атам Бекбергенов Талғат Әлібекұлы 1948 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келді. Әжем Қарағанды қаласына оқуға келгенде атаммен танысып, екеуі ұзақ уақыт бойы жақсы қарым-қатынаста болды. Содан соң екеуі үйленіп, отбасын құрды. Үйленгеннен кейін атам әскер қатарына шақырылды. Біраз уақыттан атам келгенше, Айгүл деген қыз бала дүниеге келді. Атам әскер борышын абыроймен атқарып үйге оралды. Олардың ата-анасы Мәдениет ауылына көшіп келді, атам мен әжем де бірге көшіп келді. Мәдениет ауылында атам мен әжемде үш ұлы: Нұрлан, Бауыржан, Ғалымжан дүниеге келді.Атам мен Әжем өте бақытты кісілер.Біраз уақыттан кейін Астана қаласында үй салып, сонда көшіп кетті.Мен жазғы каникул кезінде атам мен әжеме асыға барамын.Олар мені өте жақсы көреді. Атам мен әжем секілді ешкім жоқ, мен оларды жақсы көремін. Мен үшін өте қымбатты адамдар ауырмай, сырқамай көп жасасын дегім келеді.
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
danpro3 danpro3  07.07.2020 14:51
Әже... Үш ақ әріптен тұратын не деген асыл сөз! Аяулы да ардақты сөз. Әженің ертегісін тыңдағанға не жетсін? Тәттіні де осы әжелеріміз немереме деп сақтаушы еді ғой. Анамыз ұрысқанда да әжемізге барушы едік қой. Асыл әже деп ел бекер айтпаған ғой. Әжеге немере әрқашанда ыстық болады. Сол себепті ардақты әжелерімізді ұмыт қалдырмайықшы! 
Асыл әжем,
Сәл көрмесем, сағынамын.
Асыл әжем,
Шырағың боп жағыламын.
Жетелеген арманға,
Сенен ыстық жан бар ма?
Асыл әжем!
ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi