Әке туралы ойды айтып жеткізу мүмкін емес. Әке маған осы өмірдегі асыл адамдардың бірі. Әке - Асқар тау деуші еді ғой, иә бұл таза шыңдык. Ол шанырактың бар ауыртпалығын көтеріп, отбасыныны асырап, бізге тәлім тәрбие беруге тырысады . Әкеден алған тәрбие әркашан салиқалы. "Әкеге бағыну Аллаға бағыну" - деп Мұхаммет пайғампар бекер айтып кетпеген. Ал әкеге қарсы болу - Аллаға қарсы болу дегенді білдіреді. Былай қарасан әкелеріміз тек бізді сақатап калу үшін бәріне де дайын. Кей адамдар әкенің махаббатымен қамқорлығын сезіп көрмеген. Ал біз Аллаға әкеміз барына шүкіршілік етіп, оларды өмір бақи сыйлап өтейік.