Мақала тақырыбы женіс күні​

BlackSenpai BlackSenpai    2   18.05.2020 21:23    2

Ответы
Онегин1337 Онегин1337  13.08.2020 07:05

Ұлы Жеңіс ұлағаты

МӘҢГІЛІК АЛАУ!

Ұлы Жеңістің мерейлі жетпіс екінші көктемі қандай шуақты десеңізші! Жыл сайын майда мамырмен келетін осынау мереке - мейрам әрбіріміз үшін сондай маңызды, сондай сағынышты ғой қашанда. Майдан кешіп, жырақта жүріп, өлімнің өткір жүзінде етігімен су кешкен ата - бабаларымыз көздің қарашығындай аманат етіп тапсырған құдіретті һәм мәртебелі Ұлы Жеңістің Туы ешқашан еңкеймек, ешқашан жығылмақ.

Екінші дүниежүзілік соғыстың шешуші ірі бөлігі болып табылатын Ұлы Отан соғысы бас сұқпаған ошақ - шаңырақ жоқтың қасы. Арам пиғылды фашистерді шыққан індеріне қайта тығуға өз еркімен аттанған жауынгерлер қатарында біреудің әкесі, біреудің аға - бауыры, біреудің атасы, біреудің жұбайы, біреудің қызы, біреудің келіні, біреудің анасы, біреудің баласы болды. Тылда қалған туған - туысқандардың, отандас - ағайындардың тыныш өмірі үшін, жау қолында қалып, азаттықты аңсаған елді мекендерді азат ету үшін жанын пида еткен сұрапыл соғыстың құрбандары да аз емес қой.

Объяснение:

ПОКАЗАТЬ ОТВЕТЫ
Другие вопросы по теме Қазақ тiлi