Мұзафар Әлімбаев (29 қазан, 1923 жыл, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Маралды атырабы - 26.11.2017, Алматы) — Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының бірі. 2017жылы дүниеден озды.
Арғын тайпасы Шегендік руы Қақсал бөлімінен шыққан
Әнші-күйшілердің, ақын-жыраулардың думан құрған өнер төрінде, солардың тәтті сазын, татымды сөзін қаршадайынан құлағына құйып өскен. Мұзағаң 5 жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастаған. 6 сыныпта ауыл кітапханасының бір қыста 150-ден аса кітабын тауысып, «Бауырсақтан» бастап», «Батырлар жырын» ортаға ала, Александр Сергеевич Пушкиннің 4 томдығын тауысады.
М.Әлімбaевтың балалар поэзиясында өз шәкірт ақындары, өз мектебі бары – шындық. Мұзафар Әлімбaев есімі өз елімізге ғана емес, алыс-жақын шет елдерге де кеңінен танылған балалар ақыны, жас бүлдіршіндердің сүйікті қаламгері. М.Әлімбаев қазіргі қазақ балалар әдебиетінің классигі және оның зерттеушісі, өлең-баталарды қайта жаңартушы және дамытушы тұңғыш ақын. Оның бата-өлеңдері «Батамен ер көгерер» деген атпен жеке кітап болып 1996 жылы «Атамұра» ба шықты. Жинаққа көрнекті ақынның 200-ден астам баталары енген. Ж.Елшібек «Ерекше туынды» атгы мaқаласында ақынның баталары жөнінде: «Қашаннан сөздің құдіреті мен қасиетіне зор мән беріп, сергек қарайтын Мұзафар Әлімбаев ықшам, тығыз, ойлы, өрнекті жазу үрдісінен айнымай келе жатқанына куә боламыз» , – деп жазады. Яғни, Мұзафар Әлімбаев қазақ лирикaсын көпсөзділіктен, боссөзділіктен арылтқан, нақтылықты орнықтырған ақын. «Өлеңнің табиғаты лирика, сондықтан ақын өлеңмен жазған шығармасын лирикалық етіп, өзін толқытқан, тебіренткен жaйды оқырмaн да толқынaрлық, тебіренерлік етіп жазaды», – дейді.
Алғашқы қадамын Павлодар облыстық “Қызыл ту” газетінде жарық көруден басталған өлеңдері қазір том-том болып халқымыздың рухани қазынасына айналған, бүгінде қазақ поэзиясының құнарлы топырағына қаққан қазығы нық, нығыз, асқар биік шығармашылық тұлға – Мұзафар Әлімбай.
Ақынның “Естай-Хорлан”, “Менің Қазақстаным”, “Ту тіккен” секілді эпикалық туындылары жыр сүйер жұрттың жүрегіне жол тауып, таңдаулы шығармалар қатарынан орын алды. Ондаған жылдар бойы ауыздан түспей шырқалып келе жатқан “Ақмаңдайлым”, “Өзің де жігіт, қызықсың”, “Маралдым”, балаларға арналған “Мұғалім ол біздің”, “Көшпелі фонтан”, “Бесік жыры”, “Қартаймайсың, жан ана” қатарлы көптеген ән-өлеңдері халықтың сүйікті туындысы болып кетті.