Мәтіннен жуан буынды, жінішке буынды, аралыс буынды сөрдерді табындар. Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет
Тұман деген әдетте қыстыгүні келетін мылқау мейман ғой. Тұман түсіп,
дүние аппақ сүт дариясына шомылып мүлгіп тұрғандай, жер бетіндегі зат-
тың бәрі буылдыр арасынан көмескі, күңгірт көрініп, көңілді бір белгісіз үрей
сезімдер билеген шақты Кириск бұрын тіпті ұнататын да...
Ал қазір буырқанған теңіз үстінде біресе жазылып, біресе жиырылып,
ирелеңдеп жөңкіген тұман айдаһардың жер бауырлап жылжығанын еске сал-
ғандай еді... Күллі әлемді қамтып алған мына сіреспе бозғылт тұманда қайда,
неге жүзіп бара жатқаны белгісіз... Әл-қуат кетіп қалжыраған жандарды енді
еріксіз енжарлық билеп, мына көр тұман тұтқынында қайығы қақпайлаусыз
қалтылдап, тағдыр құрығына тырп етпей мойынсұнған шақ... Көр тұман
адамды езгiлей түсіп, ерiктен айырып, мең-зең халде қалдырған...