Мəтіннен туынды сөздер тауып бере аласыздар ма? ? өтінем көмектесіңіздерші "толқын" құшағында мұндай мекен әлемде жалғыз! өйткені, бұл шынында да таңғажайып құбылыс! өңірдің мәртебесін хьюго мартиннің бір ауыз сөзі арқылы-ақ танытуға болады. ол: "атақты толқындарды бір-екі рет суретке түсірмейіңізше, өзіңізді пейзаждық суретшімін деп атауыңызға хақыңыз жоқ" деген екен. жеткілікті емес пе? жарайды, ендеше сіздерге толқын туралы деректер легін ұсынамын. толқын (the wave) - америка құрама штаттарындағы аризона мен ютаның шекарасындағы колорадо шоқысында орналасқан құмдақты тау түзілісі. аталған мекен өзінің көркем, адыр-бұдырлы пішіндерінің арқасында саяхатшылар мен фотографтардың арасында кең танылған. толқын 190 миллион жастағы навхо құмдауытынан тұрады. ерекше құбылысты зерттеген ғалымдар кәрі құм төбелер ұзақ ғасырлар барысында тік және көлденең текшелі жартастарға айналғандығын айтады. ал жел мен жауын-шашын қазір біз тамашалап отырған әсерлі көріністі қалыптастырған екен. толқынның жұмсақ құмдақтары сынғыш келеді. сондықтан "тау үстірттерін" абайлап қана басу керек. толқындарды суретке түсіруге ең ыңғайлысы - түс ауған шақ немесе оған бір сағат дейін және кейін. өйткені дәл осы уақытта орталықта ешқандай көлеңке болмайды. десе де, драмалық, ерекше фото жасағыңыз келсе, таңғы және кешкі көлеңкелер көмектесе алады. толқынның батыс жағында "екінші толқын" деп аталатын тағы бір жер бар. ол жердің түстері әлсіздеу және аумағы шағын болып келгендігімен, келушілердің назарынан тыс қалмайды. аризондық толқынның аумағына кіру оңай шаруа емес. өйткені, ол жерге күніне жиырма ға ғана аяқ басуға рұқсат берілген. бүгінде нәзік құм құрылысын сақтап қалу үшін ірілі-ұсқаты көптеген іс-шаралар жүргізіліп жатыр.