Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді табыңыз. Қазақстан Республикасы қазір әлемдегі ең жас мемлекеттердің бірі. Ол саяси картада 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Парламенті мемлекеттік тәуелсіздік туралы Конституциялық заң қабылдағаннан кейін пайда болды. Қазір біздің елімізді барлық құрлықтағы елдер біледі. Ол әлемнің барлық беделді мемлекеттерімен дипломатиялық байланыс орнатты. Қазақстан – жаңа қалыптасып келе жатқан әлемнің саяси-географиялық ауданы – Орталық Азияның көшбасшысы болып табылады. Өнеркәсіп - Қазақстан шаруашылығының басты саласы. Экономикадағы барлық алға басушылық соған байланысты. Дүние жүзіндегі отын мен металл бағасының жоғары болуы отын-энергетикалық және металлургиялық кешендердің жарыса өсуіне себеп болып отыр. Осы салалардың өсуі қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің көтерілуіне ықпал етеді. «2003-2015 жж. арналған индустриялы-инновациялық даму стратегиясы» Қазақстан өнеркәсібінің құрылымын жақсартуға арналған. Инновациялық даму экономиканың шикізатқа тәуелділігін азайтып, өңдеуші салалардың жоғары сапалы тауар шығаруына мүмкіндік береді. Қазір Қазақстан елді тиімді басқару жүйесін құрып, шекара мәселелерін толық шешіп, өзінің экономикалық-географиялық жағдайын жақсартуға кірісті.