Мәтіннен тұрлауыссыз сөйлем мүшелерін теріп жазыңыз. Ұялы телефон қазіргі заманның жаңа технологиясы. Ұялы телефонның қазір түр-түрі бар. Оның пайдасы мен зияндары да өте көп. Қазір көпшілік адамдар онымен қолданады. Бұл адамдарға өте қолайлы зат. Ұялы телефонның адам денсаулығына тигізетін зияны бар. Оны дененің кез-келген жеріне тағуға болмайды екен. Белдікке тақсаң бүйрекке зиянды әсері бар дейді, төс қалтаға салсаң жүрекке зиянды дейді. Бірақ, ұялы телефонсыз жүру мүмкін емес, бар шаруаңды телефонмен бітіресің.
Ұялы телефонмен мүмкіндігінше қысқа сөйлесу керек. Қажеті жоқ әңгімеден аулақ болу керек, жақын жерде тұрақты телефон болса соны қолдану керек. Ұялы телефонмен сөйлескен кезде балалардан алыс жерде болу керек.
Ұялы телефон құлаққап арқылы қолданылуы тиіс. Осылайша ұялы телефорнның мидан алыс болуы қамдалуы керек. Телефонның сөйлесуден басқа ерекшеліктерін қолданудан қашқақтау керек. Ұялы телефон арқылы қысқа сөйлесу әдетке айналу керек, қысқаша мағлұмат берілетін кезде SMS қолданылуы керек, ұзын мерзімді сөйлесуді насихаттайтын кампанияларға кедергі жасалуы қажет.
Ұялы телефондар ең көп радиация таратқан кез – телефон шырылдаған кез және сіз терген номерге байланыс құрған кезі. Сол кездерде телефонды басыңыздан алыс ұстауыңыз керек. Телефонды ашқаннан 1-2 секундтан кейін жихазды құлаққа жақындату ең сенімдісі. Қарапайым телефон, яғни кабельді телефон болса сонымен сөйлесу керек, осындай телефон болған кезде ұялы телефон жабық тасталуы керек.